Көзге шөп салу - кейінгі кездері жиі кездесетін құбылыс. Бүгінде мұның салдарынан ажырасып жатқандар да аз емес. Сондықтан опасыздықтың себебі неде болуы мүмкін деген сұрақ кез келгенімізді мазалағаны анық. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі психологтардың мәліметіне сүйеніп, көзге шөп салу қаупін арттыратын дүниелердің тізімін жасады.
Өмірде тіпті көзге шөп салу дұрыс емес деп санайтын адам да опасыздық жасауы мүмкін. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бұл моральдық тұрғыда қатынаспаумен байланысты, бұл құбылыс - өз ұстанымыңызды елемей, оны бұзу, онымен қоймай, бұл үшін кінәні сезінбеу қабілеті. Мәселен, жақында аустралиялық психологтар жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша моральдық тұрғыда қатыспайтындардың серіктесінің көзіне шөп салу ықтималдылығы жоғары. Сондай-ақ мұндай адамдар өздеріне де опасыздық жасалады деп қатты қорқады, бұл проекция - басқалар сіз сияқты ойлайды, істейді, көреді деп сену.
Адам қанша жерден белгілі бір істің қайталанбайтынына уәде беріп, ант-су ішсе де, зерттеу нәтижелері бір рет алдаған, көзге шөп салған адам бұл әрекетін қайталайтынын көрсетеді. Мысалы, 2018 жылы Archives of Sexual Behavior журналында жарияланған зерттеуге сүйенсек, бірінші қарым-қатынасында опасыздық жасаған адам кейінгілерінде де қиянат етеді.
Әрине, бұл патологиядан зардап шегетін адамның бәрі опасыздық жасайды деген түсінік жоқ, алайда кейбір зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бұл синдром сатқындық жасауға бейімділікті арттырады. Бұл синдроммен ауыратын адамдардың жеке ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін, олар жаңашылдық пен тәуекелді жақсы көреді, импульсивті, мінез-құлқын нашар басқарады және егер олар бір дүниеге қызықса, оның салдары туралы ойлана бермейді.
Бұған таңғалуыңыз мүмкін, дегенмен нарцистік ауруы бар науқастар сау адамдарға қарағанда опасыздық жасауға бейім келеді. Бұл эмпатияның болмауына, тәкаппарлыққа, таңдану мен ғибадатқа деген тойымсыз қажеттіліктің әсері. Жеке тұлғаның шекаралық бұзылуы да сатқындық ықтималдығын арттырады. Бұл бұзылысы бар адамдар өте импульсивті және өзіне сенімді емес. Көбінесе олар жыныстық мінез-құлық арқылы тану мен назар аударуға қол жеткізеді.
Көзге шөп салу ықтималдылығы белгілі бір маусымда, яғни жазда артатын көрінеді. 2017 жылы Current Opinion in Psychology журналында жарияланған зерттеу авторларының айтуынша, жазда қиянат ету құбылысы көптеген жағдайға байланысты болуы мүмкін.
Шамасы, алдау ықтималдығы маусымдық болып табылады және жаз айларында шыңына жетеді. Қалай болғанда да, мұндай нәтижелерді 2017 жылы Current Opinion in Psychology журналында жарияланған зерттеу авторлары алды. Жазғы сатқындық құбылысы көптеген жағдайларға байланысты болуы мүмкін - жылу, демалыс, жеңіл киім, жалпы босаңсыған атмосфера және т.б.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз