Еркін Тұқымов Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды

Еркін Тұқымов Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды
Фото: kisi.kz

Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget