Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі шарықтау шегіне жақын. Бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі.
110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы - ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат.
Айта кетейік, әзірше Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!