Ерке Есмаханның орындауындағы "Қайда" және басқа да әндерінің авторы Диана Исмаил әншімен неге жиі ренжісетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Диана Исмаил бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұқбатында мәлімдеді.
"Менің білуімше, "Қайда" әнінен кейін де Ерке Есмаханға бірнеше ән жазып бердің" деп бастады әңгімесін Динара Сәтжан.
"Иә, "Қайда" әнінен кейін біраз уақыт бірге жұмыс істедік. Ол кісі отбасылы, бала-шағалы болғанға дейін бірге жұмыс істедік десем де болады. Екеуміз өте көп қырылатынбыз, әрине жұмыс бабы бойынша. "Бұл - менің әнім" деймін мен, Ерке болса "Жоқ, мен айтамын бұл әнді, сондықтан..." деп өз ойын айтып, сол үшін жиі ренжісетінбіз. Бірақ мен Еркені қатты жақсы көремін, сыйлаймын. Ол кісі өте ізденімпаз", - деді Диана Исмаил.
"Әрине, егер ол ізденбесе, сен ән жазатын студияға келмесе, сенің әніңді естімейтін еді, мұндай хит өмірге келмейтін еді", - деп қостады Динара Сәтжан.
Жүргізуші Диана Имаилдан "егер сен бұл әнді өзің жаздырып, өзің орындасаң, дәл осындай қаралым жинайтын ба еді?" деп сұрағанда әнші, композитор: "Әрине, жоқ" деп жауап берді. "Себебі ол кезде мен танымал емес едім", - деп жауап берді Диана жиі қойылатын сұраққа.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!