- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Еркеліктің қандай болатынын...
“Еркеліктің қандай болатынын үйреттің“. Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады
Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші күйеуімен алғаш қалай танысқаны туралы айтты.
"- Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсіз бе. Менің атым Ерлан.
- Менің атым Айгүл.
- Танысқаныма қуаныштымын.
- Мен де.
- Сіздің телефон нөміріңізді алса бола ма, суреттерді жіберейін деп едім...
Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы - Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және "Көптің тілеуі көл" деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз", - деп күйеуімен алғашқы таныстығын баяндап берді ол.
Күйеуін туған күнімен құттықтаған Айгүл Иманбаева жүрекжарды лебізін жазба арқылы жеткізуге тырысқан.
"Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. "Қуанғанға құт қонады" дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Айгүл Иманбаева жақында Америкада тұратын қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева