Белгілі әнші Тоқтар Серіков Instagram-парақшасында ана туралы әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқтар Серіковтің айтуынша, ана көрсе, жүректері елжіреп тұрады. Ол "Жігіттер" тобындағы Айдар Тұрғанбектің анасын кездестіріп, өз анасын көргендей күй кешкенін айтқан.
"Жігіттер" тобындағы Айдар бауырымның анасы. Ана деген қандай жақсы, Алла ұзақ ғұмыр берсін. Бізді көріп, айналып-толғанып, ыстық құшағына алып қысты. Сәл болса да ана мейірімін сезініп, анамды көргендей күй кештім. Бейбіт екеуміздің анамыз тым алысқа кеткеннен кейін бе, ана көрсек еркелегіміз келіп тұрады. Айдардай ұлды қазақ еліне тәрбиелеп берген ақжаулықты ана ғой. Аман болыңыз", - деп жазған Желіде Тоқтар Серіков.
Әншінің бұл жазбасы Желі қолданушыларын тебіренткен:
"Анаға шіркін, кім жетер. Ана деген қазына ғой, менің де анам жоқ, тым ерте өмірден өтті", "Керемет. Ананың құшағына, ананың мейіріміне ештеңе жетпейді, менің де анам кеткелі жақында бір жыл болады, қатты сағындым", "Аман болыңдар, Тоқтар-Бейбіт, бақытты, ғұмырлы болыңдар", - деп жазған пікір білдірушілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!