Еркектік қабілетті күшейтуге көмектесетін табиғи өнім аталды

Қайың шырынының құрамында көптеген дәрумен, минерал және басқа да пайдалы микроэлемент бар. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, токсиколог Михаил Кутушов айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, қайың шырыны еркектік қауқарды күшейтеді.

"Қайың шырыны ер адамдардың денсаулығына оң әсер етеді. Бұл сусынды үнемі тұтыну тестостерон өндірісін қалыпқа келтіріп, либидоны арттырады және аталық бездердің белсенділігін жақсартады", - деді ол.

Сондай-ақ, токсиколог қайың шырыны несеп айдағыш және уытсыздандыру әсеріне ие екенін, ішектің жұмысына оң әсер ететінін, бауырды тазартатынын жеткізді. Оған қоса бұл сусын жүкті әйелдерге және холестерин деңгейі жоғары адамдарға пайдалы.

Айта кетейік, бұған дейін қайың шырынының пайдасы хабарланған болатын. 

Қайың шырыны - саулық пен жастықтың нағыз эликсирі. Оның құрамында иммунитетті жақсартуға ықпал ететін В тобының дәрумендері, калий, магний, кальций, сапониндер, бетулин, эфир майлары, 10-нан аса органикалық қышқылдар және фитонцидтер бар.

Қайың шырыны холестериннің сіңуін тежейді, сәйкесінше, қанның тазаруына ықпал етеді. Оның себебі - оның құрамында сапониннің болуы.

Қайың шырыны асқазанның қышқыл түзуші қызметін ынаталандырады. Сондай-ақ, оның құрамында ферменттер бар. Шырынның бұл қасиеттері оны асқазанын ретке келтіргісі келетіндер үшін керемет сусын етеді. Қайың шырынының калориясы көп емес: 100 грамға 25 калория.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алқабилер қандай 3 сұраққа жауап береді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!