- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Еркектермен ұрсысады, жалғыз...
"Еркектермен ұрсысады, жалғыз қалудан қорқады". Кармолог депутат Дәулет Мұқаевқа талдау жасады
Кармолог Кәмшат Манабаева депутат Дәулет Мұқаевқа психологиялық талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл талдау "Динамен дұрыс" бағдарламасында көрсетілді.
"Өте шығармашыл адам. Бұл адам шаршамайды, жанындағыларды да шаршайды деп ойламайды. Ажырасуды ойламайды, өзінің ойлаған идеясын ешкімге үміт артпай іске асыра алады. Отыз жасқа дейін есіл-дерті ақша табу, жұмыс істеу, кәсіп ашу болды, отыздан кейін өзгерді, саясатқа деген қызығушылық пайда болды. Еріншектік, жалқаулық пайда болса, өзін аямау керек. Егер жалқауланса, семіреді. Әкесіне ренжіп жүруі мүмкін. Бүкіл әлем мойындаған ғылымға сенеді. Қай ортаға бармасын еркектермен "менікі дұрыс" деп ұрсысып жүреді. "Өзімді білімдімін, ақылдымын" деп санайды. Көп балам болса деп армандайды. Жалғыз қалудан қорқады. Сол үшін "ел таныса" екен дегені бар", - деді маман.
Дәулет Мұқаев маман талдауына пікір білдірді.
"Энергия дегенмен, саясат дегенмен келісемін. Өз айтқаны дегенге де келісемін, біреу шаршап отырса, "неге шаршап отырсыңдар" деймін. Жұмыста жалғыз отырсам, аквариумға түсіп кеткендей сезінемін. Кішкентай кезімде ата-анам үйде қамап кететін. Қорқыныш болған жоқ, үйде жалғыз отырсам да бәрін шақырып алатынмын", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек