Еркектердің көзге шөп салуына тікелей әйелі кінәлі. Мұны сексолог Алина Шадиева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы маман Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты.
"Маған көп қыз-келіншектер келіп айтады. Айна ханым күйеуіммен жақындықты мүлде қаламаймын, не істесем болады?" деп. "Тиіспесе екен, ұйықтап қалса екен. Әдейі күтіп жүремін бастысы маған тиіспесе екен" деп."Неге?" деп сұраймынғой сол кезде ауырады, қиналамын, басқа да проблемаларды тізіп шығады. Гинекологқа бардыңызба десем, бардым бәрі дұрыс дейді. Көп әйелдердің жатыры түсіп кеткен. Егер опущение (– еск.) болса онда оны тек операция арқылы емдейді", - дейді сексолог маман.
Маман ешқандай операциясыз-ақ, денсаулықты дүрыстауға, жыныстық қатынасты қалыпқа келтіруге болатынын жеткізді. Сондай-ақ, еркектердің көзге шөп салуына кей жағдайларда әйелі кінәлі екенін айтты.
"Егер адам баласы сауатын ашатын болса, үй жағдайында ешқандай операциясыз сүйектерін қалпына келтіріп, бұлшық етті орнына қоюға болады. Бұл меніңше анайы дүние емес. Керісінше әйел адам денсаулығын реттеп, өзіне қарауы керек. Мен бұл жағдайларға тек денсаулық тұрғысынан қараймын. Бұл интимдік гимнастика. Бұның барлығы көзге шөп салуға алып келеді. Әйелдердің басым бөлігі еркектердің басқа біреуге баруына "шабыт береді". Жақындықтан қашу, бойындағы болмысын дамытпау, еркектің рухын түсіру. Осындай жағдайдан кейін еркек өзінің әйеліне әйел ретінде қарағысы келмейді",- дейді Алина Шадинова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!