- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Еркектер, құтырмаңдар". Дина...
"Еркектер, құтырмаңдар". Дина Төлепберген талаққа қатысты пікір білдірді
Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген талаққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Дина Төлепбергенге оқырмандарының бірі сауал жолдаған. Ол "күйеуім үш рет талақ айтты, барар жерім жоқ, үйді босатуға міндеттімін бе?" деп жазған ол.
"Талақ деген сөзді хабарыма келген келіншектерден жиі еститін болдым. Біздің зайырлы қоғамдағы заңнамамызда мұндай ұғым атымен жоқ, сондықтан күйеуіңіз 3 рет, тіпті 30 рет тақылдап талақ айтса да сіз үйден кетуге міндетті емессіз. Талақ айттым деп тастап кететін еркектерге де алтын сырға. Жұбыңыз жараспаса, заңмен шешіңіз. Ажырасудың АХАЖ бөлімі арқылы жасалатын процестік рәсімі барын ұмытпайық. Ал некеңіз ресми жойылған соң, үйленгеннен кейін алынған дүние-мүліктің бәрі де теңдей бөлінуі керек. Еркектер, талақ айтып, оп-оңай тастап кетемін деп құтырмаңдар", - дейді ол видеода.
Ол "талақ" деген сөзді естісе, ашуланатынын алға тартты.
"Талақ, талақ, талақ... деген үш сөздің неге біз үшін мәні бар болып қалды? Кезекті "Сіңіліме сыр" айдарында осы "талақ" тақырыбын қозғауды жөн көрдім. Шыны керек, өзім осы талақ десе, қатты ашуым келеді екен… Әйелдер-ау, сіңлілерім, біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Ата-заңымызда "талақ" деген ұғым түгілі, сөз де жоқ. Сондықтан, бос сөзге бас ауыртпаңдар", - деп жазған ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек