"Еркектер де осылай ойлайды". Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов 4 әйел алғысы келетінін айтты

"Еркектер де осылай ойлайды". Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов 4 әйел алғысы келетінін айтты
Фото: Фотоколлаж

Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында 4 әйел алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді.

"Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді, көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы