Танымал әнші Ақбота Керімбекова қандай қылық шығарғанын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында айтты.
"Қыз күнімізде шықпаған қылық енді шығып, біраз әрі-сәрі күйде жүрмін. Өзі қылтиып шығып тұрған күйді фильтр де әрі-бері сүйреп әлек. Бейнебаян шіркін майыстырып жібереді ғой. Енді осылай майысып жүрмесем... Еркекшора мінезіме жараспайды-ау, бірақ", – деп жазды Ақбота Керімбекова.
Ал желі қолданушылары оған бұл қылық жарыса кеткенін айтып, пікір жазды.
"Бәрі жарасып тұр, танымай қалдым", "Әдемі боп кетіпсіз", "Фильтрсіз де әдемісіз", "Әйелге нәзіктік жарасады", "Нәзіктігіңіз әдемі, еркекшора дегенді қойыңыз", "Бәрі жарасады", "Әдемісіз, сұлусыз", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!