Еркебұлан Тоқтар Армениядағы турнирде қырғызстандық файтерге есе жіберді

Еркебұлан Тоқтар Армениядағы турнирде қырғызстандық файтерге есе жіберді
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar/

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Арменияда өткен Hype Fighting Asia турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек уулуына есе жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Спорт Шредингера" басылымына сілтеме жасап.

Жекпе-жек ММА қолғабында, бокс ережесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрланбек уулуына берді. Қырғызстандық файтер раундтар есебінде 3:0 нәтижесімен басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Hype Fighting Championship (@hype.fighting)

Осылайша, Тоқтардың жеті жеңістен тұрған сериясы үзілді. Бастапқыда Тоқтар мен Нұрланбек уулуының жекпе-жегі 2025 жылғы ақпанда Nomad Fighting 12 турнирінде өтуі керек болған, алайда сол кезде қырғызстандық файтер айқасқа екі күн қалғанда кездесуден бас тартқан еді.

Еркебұлан Тоқтар - ұзақ уақыт поп-MMA-да өнер көрсеткен актер, кейін кәсіби MMA-ға ауысып, қазір 11-3 рекордын тіркеп отыр.

Биыл Тоқтар Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша Қазақстаннан шыққан UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде бұрын екінші орында тұрған Шавкат Рахмоновты басып озды. Қазір Еркебұланға 2,2 миллион адам тіркелген, ал Шавкатқа - 1,8 миллион.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар Қазақстандағы MMA әлеміндегі ең танымал файтер атанды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget