Еркебұлан Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Еркебұлан Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық Еркебұлан Шәмей 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы пара дзюдодан тұғыр биігіне көтерілді. Ерғали 73 келі салмақта (J1 санаты) финалға дейін жетіп, ақтық сында румыниялық Флорин-Александру Бологаға жол берді.

Осылайша, Париждегі Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтап отыр.

Еске салайық, бүгін J2 санатында сынға түскен пара дзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ол 57 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда түркиялық қарсыласын жеңді. 

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жүлделер саны жетеу. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан