Ерке мен Райм “Жылдың ең үздік тойына“ дайындалып жатқанын айтты

Ерке мен Райм “Жылдың ең үздік тойына“ дайындалып жатқанын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Райм жазда той жасайтындарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Еркенің айтуынша, олар биыл отбасындағы туған күн, атаулы күндерді атап өтпей, жазда бәрін бірге тойламақ екен. 

"Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Биыл екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйырса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйырса жазда өтеді. Жылдың ең үздік тойы болады", - деп жазды ол.

Әнші бұған дейін 40 жасқа толатын туған күніне күйеуі қандай сыйлық бергенін көрсеткен болатын.  

"Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", - деп жазды ол желіде. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева