Ерке мен RaiM Американың төрт қаласында концерт береді

Танымал жұп Ерке мен Raim жақында Американың 4 қаласында ән шырқайтын болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Бүгінгі жағдайдан кейін Трамп хабарласып, шақырып кетіп бара жатырмыз", - деп жазған әнші Америкадағы концерттің бағдарламасын жариялады. 

Әншінің айтуынша, "RaiM & Erke. USA tour. 2024" Houston, Chicago, Los Angeles және New York қалаларын қамтиды. 

Сондай-ақ, "Қыркүйек айы Америкада кездескенше", - деп жазды Ерке Есмахан. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!