Белгілі әнші Ерке Есмахан өмірінде маңызды таңдау жасай алмай жүргенін жеткізіп, кәсіп пен отбасының қайсын таңдай алмай жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші оқырмандарынан ақыл сұраған.
"Ерке Есмахан, сенің арманың бітпейді, бетіңді сыйпалап, әдемі киініп, ұшып-қонып жүрсең болды, сол рахат саған. Ал қарапайым Ерке хочет замуж, бала туып, үй жинап, күйеуіне тамақ дайындап, келін болып отырғысы келеді. Осы екеуінің ортасын қалай табамын? Ақыл айтыңыздаршы", - деп жазған ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір жазып, тіпті кеңес бергендер де табылған.
"Жігітіңіздің құлағына алтын сырға", "Осы өмірдегі әйелдік парызыңды таңда...", "Ортасына көпір қойып, екі ортада әрлі-берлі жүріңіз", "Шыққан күйеуің жақсы болса, бетіңді сипалап, әдемі киініп, баланың күлкісімен үйді шаттыққа бөлеп, еркелеп өмір сүруге болады", - деген пікір білдіргендер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова