Танымал әнші Ерке Есмаханның ұлы Қазақстанның тұңғыш ғарышкері марапаттауға қатысқан жарысқа қатысып, жүлделі орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы танымал әнші, рэпер Райм мен Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшаларында жарыса жазды.
Әуелі Райм өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ерке Есмаханның бірінші күйеуінен туған ұлы Муслимнің кубок ұстап тұрған суретін жариялап, жүлдесімен құттықтады.
Кейін Ерке Есмахан баласының қандай жарысқа қатысқаны туралы ашып жазды.
"Батыр балам. Республикалық баскетбол жарысынан Муслимнің командасы үшінші орынға ие болды. Марапат құтты болсын", – деп сүйіншіледі ол.
Ерке Есмахан Қазақстан Баскетбол Федерациясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған суреттерді бөлісуді де ұмытпады.
"Қазақстан Баскетбол Федерациясы. Райм, үмітің ақталуда. Шүкір", – деп жазды әнші.
Қазақстан Баскетбол Федерациясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: "Щучинск қаласында U-13 ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Марапатқа Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қатысты", – делінген.
Еске салайық, жақында Райм Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлаған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз