Ерке Есмаханның үлкен ұлы Мүслім алғаш рет сахнада ән айтты

Танымал әнші Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслім RaiM-ның жеке концертінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық рэпер Райымбек Алматыда жеке кешін өткізді. Сахнада әйелінің бірінші некеден туған ұлы да ән шырқады. 

"Біздің үлкен ұл - Мүслім. Қошемет көрсетіңіздер", - деп таныстырған рэпер оған өз ұлындай қарайтынын көрсетті. 

Айта кетейік, Мүслім Раймның жақында жарыққа шыққан альбомында да "Интро" әнінің бір бөлігін орындайды. Бұған дейін Райм Мүслімге "Әке махаббатын сезіндірдің" деп көлік сыйлаған еді. 

Еске салайық, декреттік демалыста отырған Ерке Есмахан да күйеуінің концертінде сахнаға шығып, ән айтқанын жазған болатынбыз. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!