Ерке Есмаханның "сырға салу" рәсімі өтті. Әнші Instagram-парақшасында суреттер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерке Есмахан Raim лақап атымен танымал рэп орындаушы Райымбек Бақтыгереевке тұрымысқа шығып жатыр. Бұған дейін олар мешітке барып неке қидырғаны белгілі болған еді.
Есмахан үйінде құда күтуге дайындық қалай жүріп жатқанын көрсетті.
Кейінірек әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram-Stories-терінде "сырға салу" басталғалы жатқанын және қобалжып отырғандарын айтып видео салды.
Рәсім басталған кезде Ерке Есмаханға алдымен үкі тағылып, кейін қазақтың дәстүрі бойынша құлағына сырға салынды.
Raim-ның өзі "сырғалым" деген қысқа сипаттамамен жары Ерке Есмаханның суретін бөлісті.
Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан "сырға салу" рәсімі 19 ақпанда, яғни бүгін өтетінін айтқан еді. Сондай-ақ ол тойлары жазда болатынын жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!