Ерке Есмаханның сахнадағы жаңа образы талқыға түсті

Танымал әнші Ерке Есмаханның ұзақ демалыстан кейін сахнаға киіп шыққан киімі сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушылары әншінің стилі өзгергенін бірден байқаған. Сахнаға ұзын көйлек емес, спорттық киім киіп шыққанын кей тыңдарман қолдап жатса, енді бір тобы жақтырмай қалғанын жасырмады. 

"Ерке қалай еркелесе де жарасады", "Райм сияқты болып кетіпті", - деп жазды желі қолданушылары.

Ерке Есмаханның Райммен бірге дуэт орындаған видеосын айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, продюсер Гүлнұр Мамасарипова және тағы басқа өнер адамдары жариялады. 

Айта кетейік, біраз уақыт сахнадан алыстап, декреттік демалыста болған Ерке Есмахан күйеуі Раймның концертінде дуэт орындаған. Раймның жеке концерті "Алматы Аренада" өтті. 14 мың адамға арналған концерттің билеттері солд-аут болды. 

Ерке Есмаханның айтуынша, концертке жиналған халыққа тегін шай таратылды. 

Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслим мен Раймнан туған кішкентай ұлы Ислам да концертке келген. 

"03.11.24 Almaty Arena. Sold Out. Concert және Ерке Есмахан. Алланың бұйырғанымен, команданың жұмысымен, әрине, сіздердің қолдауларыңызбен бұл күн де абыроймен өтті", - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, осы кеште Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслім де алғаш рет сахнада ән айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!