Танымал әнші Ерке Есмахан "сырға салу" рәсімі өтетін күнді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, "сырға салу" рәсімі 19 ақпанда өтеді.
"Ертең, бұйырса, біз үшін маңызды күн. Сәттілік тілеп өтіңіздер!", - деп жазды әнші.
Еске салайық, бұған дейін Ерке күйеуі Райымбек Бақтыгереевтен (Raim) мәhірге не сұрағанын айтқан болатын.
"Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. Менде хотя бы біреуі болсыншы деп, әппәқ тұлпар сұрадым" (стилі мен орфографиясы сақталды), - деп жауап берді әнші.
Ерке Есмахан мен Raim неке қидырды
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!