Ерке Есмахан Raim туралы: Алтын басын төрге шығарамын

Ерке Есмахан Raim туралы: Алтын басын төрге шығарамын
Фото: Еске Есмаханның Instagram-дағы парақшасы

Әнші Ерке Есмахан Raim лақап атымен танылған Райымбек Бақтыгереевпен түскен фотосын Instagram-дағы сторисіне жүктеп, "жүрегінің иесіне" алғыс айтатын жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске Есмаханның сөзінше, Райымбек қазір "өсек", "хайп" атты майданда жүр.

"Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасында тәрбие сондай: үлкен болсын, кіші болсын ер адамды сыйлайды. Мен дәл бүгін "жүрегімнің иесіне" ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек", "хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр. Батыр атына лайық жігітім иманымен, ер жүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын, ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, жан сырын мен өте жақсы түсінемін. Жанымыз егіз", - деп жазды ол.

Ерке Есмахан бұған қоса, тыңдармандарынан, оқырмандарынан артық нәрсе айтпауын өтінген.

"Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам! Ал мен қасындамын, алтын басын төрге шығарамын. Тыңдарман, оқырман, артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат - ұлы күш! Әлемді құтқарады! Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады. Баршаңызға жақсылық тілеймін", - деп жазды әнші.

 

Еске салайық, бұған дейін Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы ақпаратқа нүкте қойып, сурет жариялаған. Оның алдында Желі қолданушылары Ерке мен Райымбек кездесіп жүр деп топшылаған еді.

Райымбек Еркемен түскен суретін Instagram-да жариялады. Осылайша, Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы қауесетті растағандай болған. Алайда әнші ешқандай пікір жазбаған. Суретте Ерке мен Райымбек Римдегі Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуінің алдында орналасқан мейрамханада тамақтанып отыр.

Ал Raim-ның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова екеуінің не үшін айырылысып кеткенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан