Ерке Есмахан Париждегі Олимпиаданың құрметіне оқырмандарына ерекше сыйлық жасады

Ерке Есмахан Париждегі Олимпиаданың құрметіне оқырмандарына ерекше сыйлық жасады
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан Парижде өтіп жатқан Олимпиаданың құрметіне оқырмандарына ақшалай сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Францияның әсері әрі тарқамады. Дәл қазір Парижде Олимпиадада біздің спортшылар еліміздің атын шығарып жатыр. Алғашқы алтынымыз бар. Сәттілік тілеймін! Париж биігінде Қазақстан туы желбірей берсін! Коментте 3 рет 5k бар!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Райм мен Ерке жақында ғана Францияның Париж қаласына саяхаттап қайтқан болатын. Саяхаттан келген соң өнер иесі Fendi брендінен алған 1,5 миллион теңге тұратын сөмкесін оқырманына тарту еткен еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева