Танымал әнші Ерке Есмахан оқырманына 1,5 миллион теңгелік сыйлық тарту етті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Өнер иесі Fendi брендінен алған сөмкесін оқырманына тарту етуді шешкен. Мұндай сөмкенің бағасы 1,5 миллион теңгеге жуық.
Қымбат сөмке 4 ұлы бар әйелге бұйырды.
"Уәде еткен сыйлық таңдалды. Бұл сөмкемді біраз елге, жерге, қуанышқа ұстаппын. Fendi брендінен алғанмын. Сөмкенің қазіргі бағасы - 1 миллион 472 500 теңге. Жеңімпазымыз - 4 ұлдың анасы. Ақкөңіл, сыпайы, әдемі келіншек екен. Парақшасын көріп, қуанып кеттім. Құттықтаймын. Бұйырған жанға қуаныш, бақыт, байлық ала келсін. Осы сөмкемен дүниежүзін аралаңыз. Қатысқандарыңызға рақмет! Енді жиі сыйлықсыйлап тұратын боламын", - деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!