- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерке Есмахан неге...
Ерке Есмахан неге күйеуімен қол ұстасып әлі еш жерге бармағанын түсіндірді
Фото:
instagram.com/erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққан бір жылдың ішінде күйеуімен қол ұстасып әлі еш жерге бармағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің оқырманы Instagram-да "Неге бірге қыдырмайсыздар той, туған күн, анау-мынауларда?" деп сұрақ қойған.
Ерке Есмахан той, туған күн, премия, премьера, бәріне шақырту алатынын айтты.
"Біздің шаңырақ көтергенімізге 1 жыл. Осы 1 жылдың ішінде аяғым ауыр боп бара алмадық немесе елде болмаймыз, елде болсақ, жұмыспен басқа қалады боламыз. Әйтеуір реті келмей жатады. Шынымен күйеуі мен әйелі болып әлі еш жерге қол ұстасып қыдырып бармаппыз. Алдағы уақытта барамыз деген үміттемін", - деп жауап берді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан