Танымал әнші Ерке Есмаханға әлеуметтік желідегі оқырманы күтпеген жерден сұрақ қойып, таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қазір декреттік демалыста отырған Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жиі жауап беретін болған.
Оның оқырманы: "Үлкен балаңыз туған балаңыз ба, әлде ініңіз бе?" деген сұрақ қойыпты.
"Халық менің өмірімнің жілігін шағып, майын тамызып қойған деп ойлайтынмын. Мынадай сұраққа дайын болмадым", - деп жауап берді Ерке Есмахан.
Әншінің салмағы туралы да сұрақ қойған адам бар екен. Желідегі оқырмандар оның босанған соң мүсінін тез қалпына келтіріп алғанына таңданысын жасырмайды.
"Бұрынғы киімдерімді аяғым ауыр кезде бекер сатып жіберген екенмін. Сыймайды деп ойлағанмын ғой. Сөйтсем, босану мен үшін әншейін сән екен ғой. 53 келімін. Шүкір", - деп жазды Ерке Есмахан.
Еске салайық, танымал әнші жақында декреттік демалыста отырып ән айтқысы келмей қалғанын мәлімдеген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!