Әнші Ерке Есмахан Айнұр Тұрсынбаеваның ұлының тойынан алған бриллиант жинағын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында айтты.
"Оқырмандарым, сіздермен бөлісіп қояйын. Бұл Айнурканың (Айнұр Тұрсынбаева - еск.) маған берген сыйы. "Осындай той саған да жұғысты болсын" деп бриллиант жинақ сыйлады. Айнұр, Алла разы болсын", - дейді Ерке.
Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлы Бекланның тойын Түркияда дүркіретіп өткізген болатын. Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен. Тойда қызық ойындар да болған, сыйлығы да аз емес. Ойынға қатысқандарға гауһар тас берілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!