Бүгін 14 ақпан танымал әнші Ерке Есмаханның анасының туған күні. Әнші бұл туралы Желідегі парақшасында жазып, жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, анасы барлық еркелігін көтереді.
"Жаны Мақпалдай жұмсақ Анашым!
Келіп жеткен туған күніңіз құтты болсын!
Мама, ұзақ жасаңыз, ауырмаңыз! Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің алдында аман-сау, күліп-ойнап жүріңіз.
Менің еркелеп, ән салып жүргенім алдымен Алланың, екінші осы жаным Анашымның дұғасы, сосын сіздердің сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында.
Аналарымыз аман болсын!" - деп жазған әнші
Айта кетейік, бұған дейін "Күйеуімді миллиардер қылсам деп отырмын". Ерке Есмахан отбасылық бюджеті туралы айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан азаматтығы кімдерге берілмейді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз