“Ерке емес, еркек боп кеттік“. Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге сұхбат берді

“Ерке емес, еркек боп кеттік“. Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге сұхбат берді
Фото: instagram/zhunusova.makpal

Танымал әнші Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергеннің жаңа бағдарламасына сұхбат бергенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Дина Төлепбергеннің сұрақтарына жауап беріп отырған видеосын жариялады. 

"Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе?" деген сұрағына Мақпал Жүнісова: "Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой", – деп күлді өнер иесі. 

Қызығып, сұрап жатқан желі қолданушыларына Мақпал Жүнісова бұл жақында жарық көретін жаңа жобаның түсірілімі кезіндегі видео екенін айтты. 

Тыңдармандар әншінің ерекше күлкісін сағынып қалғандарын айтып, пікір жазып жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева