Ержан Сейітқұлов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұл қызметте болған Ғани Тілеубеков лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!