Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ержан Сәденов туралы не белгілі?
Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап қызмет етеді.
1993-2009 жылдары ШҚО Ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейінгі қызмет жолын жүріп өтті.
2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облыстарының, Астананың Көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы болып еңбек етті.
2022-2023 жылдары - ішкі істер министрінің орынбасары.
2023 жылғы қыркүйектен бастап ішкі істер министрі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова