Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ол 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған.
Сонымен қатар, Ерлан Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз