Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Ержан Жиенбаев туралы не белгілі?

Ол 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2002 жылы заң мамандығы бойынша Тұран университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның Executive MBA бағдарламасын тәмамдаған.

  • 2002-2005 жылдары Қаржы министрлігінде еңбек атқарған.
  • 2005-2012 жылдары премьер-министр кеңсесі құрылымында жұмыс істеді. Премьер-министр кеңсесі заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2012-2013 жылдары - премьер-министр кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін премьер-министр кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы шілде - қазан аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!