Ержан Ашықбаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ержан Ашықбаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы елші қызметінен босатылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!