Ержан Ашықбаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы елші қызметінен босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова