- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ереван мен Баку...
Ереван мен Баку бітімге келді - Армения Қауіпсіздік Кеңесі
Армения мен Әзербайжан бітімге келді. Бұл туралы қоғамдық теледидар эфирінде Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян мәлімдеді, - деп хабарлайды DW.
"Халықаралық қауымдастықтың араласуының арқасында 14 қыркүйекте сағат 20:00-ден бастап бітімге келу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Әзербайжан бұл келісімді сақтайды деп үміттенеміз", - деді Григорян қоғамдық теледидар эфирінде.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Бакумен арада қол қойылуға дайындалып жатқан құжат немесе келісім жоқ.
Ал Әзербайжан тарапынан бітімгершілік туралы ақпарат әлі расталған жоқ. Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арам Торосян Facebook-те жергілікті уақыт бойынша 20:00-ден бастап барлық бағыт бойынша өрт тоқтатылғанын, елеулі оқиғалар тіркелмегенін жазды.
14 қыркүйекте кешке Еревандағы Баграмян орталық даңғылын Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен, Парламент ғимаратының алдында жиналған бірнеше мың адам жауып тастады. Наразылықтардың себебі Пашинянның биліктің Әзербайжанмен белгілі бір құжатқа қол қоюға дайын екені туралы мәлімдемесі болған. БАҚ мәліметінше, көпшілік үкімет басшысының парламентте сөйлеген сөзін өз-өзін жариялаған Таулы Қарабақ Республикасына қатысты шағымдардан бас тарту ретінде қабылдаған.
Кейінірек Пашинян өзінің Facebook-парақшасында ешқандай құжаттарға қол қоймайтынын мәлімдеді.
"Қымбатты отандастар, манипуляцияларға берілмеуге шақырамын. Ешқандай құжатқа қол қойылмады және қол қойылуға дайындалмады. Бұл - елдің тыныштығын бұзу мақсатында дұшпандық ниеттегі сыртқы күштер бағыттайтын ақпараттық диверсия", - деп атап өтті ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова