- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ересектердің қарауынсыз қалған:...
Ересектердің қарауынсыз қалған: Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап, мерт болды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Таукент ауылында 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған бала 5-қабаттың терезесінен құлаған. 2018 жылы туған үй иесінің ұлы сол жерде қайтыс болды.
ТЖМ ата-аналарды сақ болуға шақырды.
Айта кетейік, 8 маусымда Жезқазғандағы 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова