Тістердің орнынан босаңсуы балаларда әдеттегі жағдай болғанымен, ересек адамдарда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Тістер неліктен босайды? Ықтимал 3 себебін тізіп көрейік.
Ең алдымен, тістердің орнынан босауы қызыл иектің ауруының салдары. Мамандардың айтуынша, егер тістің босауының себебі қызыл иек аурулары болса, лезде ем алуды бастаған жөн. Себебі, уақыт өте ауру таралып, сүйек тініне зақым тигізуі мүмкін. Қызыл иектің аурулары тістің сүйегі мен тамырына теріс әсер етеді.
Екінші себебі, ауыз қуысының нашар гигиенасы.
Егер ауыз қуысын дұрыс тазаламайтын болсаңыз, тістер арасында тамақтар тұрып, жиналып қалады. Кейінірек олар тістің өңезіне айналып, бактерия түзіледі. Ал бактерия өз кезегінде қызыл иектің босаңсып, тіс орнынан жылжуына әкеп соқтырады.
Келесі себеп, бруксизм. Бруксизм дегеніміз адам ұйықтап жатқан кезде тісін қышырлатуы. Тісті бір-біріне үйкеп, қышырлатқан кезде тісті сүйекке бекітетін байламдар зақымдалады.
Айта кетейік, бұған дейін балалар ұйықтағанда неге тісін шықырлататыны хабарланған болатын.
Баланың түнде тіс шықырлатуының себептері
Тағы да оқи отырыңыздар: Шашқа жабысқан сағызды қалай алып тастауға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз