- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ересек адамның тісі...
Ересек адамның тісі неліктен босайды? Негізгі 3 себебі
Тістердің орнынан босаңсуы балаларда әдеттегі жағдай болғанымен, ересек адамдарда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Тістер неліктен босайды? Ықтимал 3 себебін тізіп көрейік.
Ең алдымен, тістердің орнынан босауы қызыл иектің ауруының салдары. Мамандардың айтуынша, егер тістің босауының себебі қызыл иек аурулары болса, лезде ем алуды бастаған жөн. Себебі, уақыт өте ауру таралып, сүйек тініне зақым тигізуі мүмкін. Қызыл иектің аурулары тістің сүйегі мен тамырына теріс әсер етеді.
Екінші себебі, ауыз қуысының нашар гигиенасы.
Егер ауыз қуысын дұрыс тазаламайтын болсаңыз, тістер арасында тамақтар тұрып, жиналып қалады. Кейінірек олар тістің өңезіне айналып, бактерия түзіледі. Ал бактерия өз кезегінде қызыл иектің босаңсып, тіс орнынан жылжуына әкеп соқтырады.
Келесі себеп, бруксизм. Бруксизм дегеніміз адам ұйықтап жатқан кезде тісін қышырлатуы. Тісті бір-біріне үйкеп, қышырлатқан кезде тісті сүйекке бекітетін байламдар зақымдалады.
Айта кетейік, бұған дейін балалар ұйықтағанда неге тісін шықырлататыны хабарланған болатын.
Баланың түнде тіс шықырлатуының себептері
- Тістемнің бұзылуы. Тістердің дұрыс орналаспауы шайнау жүктемесінің дұрыс түспеуін шақырады;
- Психоэмоционалды шамадан тыс жүктеме. Күні бойы бірдеңені уайымдаса және ол сыртқа шықпаса, бала түнде тісін шықырлатуы мүмкін;
- Мұрын-жұтқыншақ бадамшаларының үлкеюі. Аденоидтар (тамақ, көмей бездерінің ісуі) баланың түнде дұрыс тыныс алуына кедергі келтіреді. Нәтижесінде, бала қорылдайды, жөтеледі немесе тісін шықырлатады;
- Үйреншіксіз сезім. Баланың тісі шығып жатқанда оған үйрену үшін уақыт керек;
- Тіс эмалі проблемасы. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеуінен тіс эмалі жұқарады және өте сезімтал болып кетеді. Тісті шықырлату арқылы бала жағымсыз сезімнен арылғысы келеді. Дұрыс орнатылмаған пломба да балаға ыңғайсыздық тудырып, ол тісін шықырлатуы мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шашқа жабысқан сағызды қалай алып тастауға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә