- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерекше қосымша көмек...
Ерекше қосымша көмек көрсетілуі керек - Смайылов жаңа үш облыс туралы
Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңадан құрылған үш облыстың дамуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Смайылов Qazaqstan ұлттық арнасына әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы сұхбат берді.
С. Сатыбалдина"Мемлекет басшысының шешімі бойынша, үш облыс ашылды. Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары. Бірақ ұйымдастыру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Осы ұйымдастыру жұмыстары толығымен біткеннен кейін олар арнайы кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын дайындап, Үкіметте бекітетін болады. Әрине, облыстар жаңадан ашылғаннан кейін оларға ерекше көңіл бөлініп, ерекше қосымша көмек көрсетілуі керек. Сондықтан осындай кешенді жоспарлар қабылданады. Осы облыстарды құру шешімінің өзі осы облыстарда тұратын халыққа әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға оң ықпалын беріп отыр", - деді премьер-министр.