Әлеуметтік желіде жеңіл көлікке толтырып қой тиеген жүргізуші қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғыны TikTok парақшасына көліктің видеосын жариялады. Видео авторы Натальяның айтуынша, бұл кадрларды 16 маусымда түсірген.
"Көлік толған қой", - деді ол.
Видео желіде 100 мыңнан аса қаралым жинаған. Көпшілік видеоға қалжыңдап пікірлер жазса, кейбіреулер жүрегі ауырғанын жеткізген.
"Салонды толтырмайынша жүрмейміз", "Жүрегім ауырып кетті", "Бірге ала кететін тариф", - деді олар.
"Көп қой көлікке сыйып кеткеніне тағалып, видеоға түсіруді ұйғарды. Мереке екенін, олар құрбандыққа шалынатынын білдім. Видео Алматыдағы "Апорт" сауда орталығының маңындағы базарда түсірілген", - деді жақында Санкт-Петербургтен көшіп келген әйел.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!