Қытайлық спортшы Ли Цзэчуань бір қолмен тартылудан Гиннесc рекордын орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гиннесc рекордтар кітабы ресми түрде бір қолмен тартылу бойынша жаңа рекордты тіркеді. Қытай азаматы Ли Цзэчуань бір минутта 35 рет тартылды. Спортшының айтуынша, ол бұл рекордқа жету үшін жеті жыл бойы жаттыққан, ал кейінгі үш айда арнайы қарқынды дайындықтан өткен.
Айта кетейік, дәл сол күні Ли Цзэчуань тағы бір Гиннес рекордын орнатты. Бұл жолы ол 40 фунт (шамамен 18 келі) жүкпен бір минутта 44 тартылды.
Бір қолмен тартылу - калистеникадағы ең қиын жаттығулардың бірі. Бұл қозғалыс ерекше күшті, үйлесімділікті және төзімділікті талап етеді. Мұндай деңгейге жету үшін жылдар бойы жаттығып, алдымен қарапайым тартылудан бастап, бір қолмен жартылай немесе көмекпен орындалатын жаттығуларға біртіндеп көшу қажет.
Бұл - тек физикалық күштің емес, тәртіп пен табандылықтың да сынағы.
Бұған дейін 22 жыл бойы Оңтүстік Корея азаматы О Йохан да өз рекордын орнатып, Гиннесс кітабына енген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз