Әлеуметтік желіде сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда ерекше жандар бір-бірін тапқаны көрінеді. Олар ымдау арқылы бір-бірін ұғады. Видеода қыз алғашында не болып жатқанын түсінбей қалғаны байқалады. Артынша гүлді алып, түсініп, қуанышын жасыра алмайды. Екі жастың достары олардың қуанышына ортақтасып құттықтайды.
"Ерекше жандар бір-бірін тапты. Шын жүректен бақыт тілеймін", - делінген видео жазбасында.
Желі қолданушылары жылы көрініске тек жақсы лебіздерін жазды.
"Жандарым сол әр қыз баласы бақытты болуға лайық", "Сондай жылы, бақытты болыңдар", "Екі жас бақытты болсын", - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!