Астана сотында дау тудырған видео жариялаған блогерге қатысты іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс материалдарына сүйенсек, О. Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, онда қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты бейәдеп сөздер қолданған. Сот мәліметінше, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталған.
Сот отырысында О. кінәсін ішінара мойындаған: бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын жеткізген.
О. ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот қаулысымен О.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ерекше балаларға қатысты видеосынан кейін блогер ұсталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!