Ерекше ауызашар: 1900 метр биікте тамақ дайындағандар Желіні тәнті етті

Ерекше ауызашар: 1900 метр биікте тамақ дайындағандар Желіні тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Тау басына шығып ауызашар жасаған блогерлердің видеосы Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 640 мыңнан аса қаралым жинаған. 

"1900 метр биіктіктегі ауызашар", - делінген жазбада.

@nurtore11 кімге жіберу керек екенін білесің✨? #ауызашар #ифтар ♬ оригинальный звук - Nurtore Abdikalyk

Кадрлардан TikTok әлеуметтік желісі арқылы танымал Нұртөре Әбдіхалық пен Биболаттың "Жапон жолы" атауымен танымал тауға шыққаны көрінеді.

@nurtore11

мына сұлулық Швейцариядан 6572 км қашықтықта???

♬ оригинальный звук - Nurtore Abdikalyk

Желі қолданушылары ерекше көрініске жағымды пікірлер жазған.

"Ерінбей шығыпсыңдар, жарайсыңдар", "Күшті", "Қандай керемет", - дейді олар.

Сондай-ақ, жігіттер тамақ дайындау барысында қасық пен шанышқы, сұйық май ұмытып кеткендерін біледі.

"Жаңа май мен қасық, шанышқы жоқ деген видеоны көріп едім, астына барып алып келдіңдер ме, не істедіңдер?" - деп әзілдеген Желі қолданушыларының бірі.

@nurtore11 Ответ пользователю @Niko_Lao ♬ оригинальный звук - Nurtore Abdikalyk

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова