- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерекше әдіс Аралдағы...
Ерекше әдіс Аралдағы сексеуіл қорын молайтады
Аралдың ұлтанында дәнді арнайы пакетке салу арқылы сексеуіл егу жалғасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандар бұдан сексеуілдің өсу көрсеткіші 60-80 пайызға артатынын айтып отыр.
"Қазіргі таңда Аралды құтқару қоры USAID-пен бірге 500 гектарға сексеуіл егу жобасын қолға алды. Оның 150 гектары қолдан, қалған бөлігі жаңа технологиялар арқылы егіледі. Соның ішінде дәнді арнайы пакеттерге салып егу әдісі қолдау тауып отыр", - дейді халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Зәуреш Әлімбетова.
Қазақстандағы орман қорының 60 пайызы сексеуіл тоғайларына тиесілі. Оның көбі Қызылорда облысына тиесілі.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы