Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде болған жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 912-ге жетті. 5385 адам жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Анадолу" сайтына сілтеме жасап.
"Бүгін жергілікті уақыт бойынша 04.17-де болған жер сілкінісі 1939 жылғы Эрзинджань жер сілкінісінен бері Түркия тарихындағы ең үлкен апат болды. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны 912-ге жетті", - деді Ердоған.
Түркиядағы зілзаланың салдары қандай болды?
Еске салайық, бұған дейін Түркияда жойқын зілзала болғаны хабарланған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!