Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі түрік НТВ арнасына сілтеме жасап.
Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен ең ауыр зардап шеккен Адияман провинциясына сапары кезінде халықтан кешірім сұрады.
"Жер сілкінісінің әсері мен ауа райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде Адияманда қалағанымыздай жұмыс істей алмадық. Сол үшін кешірім сұраймын", - деді Ердоған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!