- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ердоған Түркиядағы зілзаладан...
Ердоған Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерден кешірім сұрады
Фото:
hromadske.ua
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі түрік НТВ арнасына сілтеме жасап.
Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен ең ауыр зардап шеккен Адияман провинциясына сапары кезінде халықтан кешірім сұрады.
Önce para bas sonra dağıt. Erdoğan bence sen artık bir doktora git. pic.twitter.com/3B2N66hSzy
— Muharrem İNCE (@vekilince) February 27, 2023
"Жер сілкінісінің әсері мен ауа райының қолайсыздығынан алғашқы бірнеше күнде Адияманда қалағанымыздай жұмыс істей алмадық. Сол үшін кешірім сұраймын", - деді Ердоған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек